back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"
10-сынып оқушыларының ата-аналарымен сынып жетекшісі Жанерке Ерболатқызының ұйымдастыруымен кезекті ата-аналар жиналысы
26-01-2026 13:38
10-сынып оқушыларының ата-аналарымен сынып жетекшісі Жанерке Ерболатқызының ұйымдастыруымен кезекті ата-аналар жиналысы

23.01.2026 күні 10-сынып оқушыларының ата-аналарымен сынып жетекшісі Жанерке Ерболатқызының ұйымдастыруымен кезекті ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың негізгі мақсаты – екінші тоқсанның қорытындысын шығару, мектеп ережелерін түсіндіру және оқушылардың қауіпсіздігі мәселелерін талқылау болды.
Жиналыс барысында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Ұшақ» жаттығуы жүргізілді. Ата-аналар қағаздан ұшақ жасап, оны нысанаға бағыттады. Кейбір ұшақтар нысанаға бірден жетсе, кейбірі айналып барып жетті, ал енді біреулері мүлде жетпей қалды. Бұл жаттығу әр баланың өзіндік ерекшелігі бар екенін, мақсатына жету жолы әртүрлі болатынын бейнелейді: біреу мақсатына тез жетсе, біреуге көбірек уақыт қажет, ал кейбір балалардың мақсаты мүлде басқа бағытта болуы мүмкін. Осы орайда әр балаға түсіністікпен қарап, қолдау көрсетудің маңыздылығы атап өтілді.
Сонымен қатар жиналыста үштік одақ – мектеп, ата-ана және сынып жетекшісі арасындағы тығыз ынтымақтастықтың маңызы қарастырылып, өзара байланысты нығайту жолдары талқыланды.

Новости