back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"
6 «А» сыныбында математика пәнінен тізбектелген сабақтардың 3-сабағы өткізілді.
26-01-2026 14:34
6 «А» сыныбында математика пәнінен тізбектелген сабақтардың 3-сабағы өткізілді.

20.01.2026 күні 6 «А» сыныбында математика пәнінен тізбектелген сабақтардың 3-сабағы өткізілді.

Сабақтың тақырыбы:
Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Сабақ «Математикалық головоломкалар: модуль арқылы ойлау» атауымен
головоломка мультфильмі стилінде қызықты форматта ұйымдастырылды.

???? Үй тапсырмасын тексеру
Genially платформасы арқылы ойын түрінде өтті.

???? Сабақ барысында:
• тақтамен жұмыс
• жұптық жұмыс (оқушылар эмоциялар суреттерін таңдау арқылы жұптасты)
• жеке жұмыс (тапсырмалар оралған таяқшалар және үстінде домалақ қиылған эмоциялар арқылы)

????‍♀️ Сергіту сәті – «Калькулятор» ойыны
6 оқушы ортаға шығып, бір-біріне екі санның көбейтіндісін айтты.
Екінші оқушы еденде орналасқан 0–9 цифрларының ішінен дұрыс мәннің үстіне екі аяғымен тұруы керек болды.

???? Сабақ оқушылар үшін өте белсенді, қызықты әрі логикалық ойлауды дамытуға бағытталды.

???? Сабақ соңында рефлексия
Оқушылар өз көңіл күйі мен әсерін эмоцияларды көрсету арқылы білдірді.

???? Бекіту сабағы оқушылардың тақырыпты терең меңгеруіне және шығармашылық ойлауына мүмкіндік берді.
Пән мұғалімі: Хамидулла Жұлдыз Жомартқызы

Новости