Баланың бойындағы өнерге деген құштарлық пен қимыл-қозғалыс белсенділігін қалай ұштастыруға болады?
Бүгін біздің балабақшамызда «Балдырған» тобының бүлдіршіндері мен ата-аналары үшін өте ерекше ашық ойын сабағы өтті. Музыка жетекшісі Жармаганбетова Ақмарал Сағынаевнаның ұйымдастыруымен «Музыкалық-ырғақтық ойындар арқылы қимыл-қозғалысты дамыту» тақырыбында ашық ойын сабағы ұйымдастырылды. ????
✨ «Қағаз оркестрі»: Қарапайым қағаздың көмегімен балалар нағыз музыканттарға айналды! Қағаз сыбдырын музыкалық ырғақпен үйлестіре отырып, олар есту қабілеті мен ұсақ моторикасын дамытты. ✨ «Көңілді домбыра»: Ұлттық аспабымыздың сүйемелдеуімен өткен бұл ойын балалардың ептілігін арттырып, көңіл-күйлерін көтерді.
Ақмарал Сағынаевна музыкалық ойындарды тек балабақшада емес, үйде де ойнаудың маңызын түсіндірді. Музыкамен бірге қозғалу — баланың миының белсенді жұмыс істеуіне көмектеседі.
Балаңызбен бірге әуен тыңдап, ырғаққа сай билеуді ұмытпаңыздар!


