back-image
"Қарой жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Қарой жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жолдау
08-09-2023 17:58
Жолдау

1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар еліміздің тарихында, жаңа бір саяси ахуал орын алып отырғаны баршамызға аян. Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел президентіҚасым-Жомарт Тоқаевтыңжолдауы 2023-2024 жаңа оқу жылының басталуымен қатар келуі, әрбір азаматының ерекше назарын аударды.

"Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өтті.

Бұл жолғы Жолдаудың тарихи маңызы өте зор. Басты ерекшелігі халықтың сауалына  жауап бергені.

Жолдауда Қазақстан халқының мұң-мұқтажы мен сұранысын ескеріп,  қоғамда талқыланып  жатқан ең өзекті мәселелерге тоқталып өтті. Бұл   билік   қоғамда болып жатқан өзгерістер мен туындаған сауалдар мен мәселелер  мен  әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп  жатқан тақырыптарды назардан тыс қалдырмай саралап отыр деген сөздің дәлелі. 

Жолдау барысында тоқталып өткен маңызды мәселенің бірі қазіргі жастардың жағдайы. Жаһандық ғылыми-техникалық даму барысын ескерсек, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын  тілін оқытуды барынша күшейту керектігін алға мақсат етіп өткен.Сонымен қатар Мемлекет басшысы саяси жаңғыру жұмыстары, адам құқығын қорғау саласындағы қадамдар  әлі жалғасын табуына, экономикалық серпіліс жасауға елімізде толық мүмкіндік бар екеніне тоқталды. Осы Жолдауда айтылған міндеттің бәрі үш жылдың ішінде орындалуға тиіс, аса күрделі міндеттерді жүзеге асыру үшін нақты мерзім бекітілді. Еліміздегі  өнеркәсіптердің негіздерін қалыптастыруға жағдай жасау, туризм саласына аса көңіл бөлу керектігі сөз болды.

Міне, жолдауда айтылғанның барлығы ел болашағы үшін жасалып жатқан нақты қадам десек артық айтқандығым емес шығар. Сондықтан Президент Жолдауы уақыт талабы мен қоғам сұранысына толықтай жауап береді деген сенім білдірейік!

 

Қарой жалпы білім беретін мектеп

директорының  тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары Халидолда Манарбек

Новости