Тәуелсіздік — бабалар аманаты!
Тәуелсіздік — бабалар аманаты!
Мектеп кітапханасында 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты ерекше интерактивті көрме өтті. ????✨
Бұл көрменің басты ерекшелігі — заманауи технологияны қолдануында. Оқушылар арнайы QR-кодтар арқылы:
Желтоқсан қаһармандары Қайрат Рысқұлбеков пен Ляззат Асанованың өшпес ерлігі туралы мәліметтер алды;
Тәуелсіздік жолындағы тарихи деректермен танысты;
«Тәуелсіздік ұрпақтары» айдарымен дайындалған қызықты тапсырмаларды орындады.
Бұл шара жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін оятып, тарихқа деген құрметін арттырды. Бостандық жолында құрбан болған боздақтарымыздың есімі ешқашан ұмытылмайды!