мемлекеттік аттестаттау
«Қарой жалпы білім беретін мектебі» мемлекеттік аттестаттаудан бірден өтіп, білім сапасын қамтамасыз ету бағытында тиімді нәтиже көрсетті. Аттестаттау қорытындысы мектеп ұжымының кәсіби шеберлігін, білім беру сапасына деген жоғары жауапкершілігін және жүйелі жұмысының нәтижелілігін айқындады.
Нұра ауданының білім бөлімінің басшысы Дархан Жанболатович Такишев мектеп ұжымын мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтуімен құттықтап, жауапты еңбектері, ұйымшыл жұмыстары және білім сапасын арттыруға бағытталған тұрақты ұмтылыстары үшін алғыс білдіріп, Қарой ЖББМ-ге интерактивті панель табыстады.