Табандылық – табысқа жетелейді!
"XXI ғасыр көшбасшысы" республикалық интеллектуалдық ойынының аудандық кезеңінде біздің Қарой ЖӘБ мектебінің 11-сынып оқушысы Темірболат Ерназар белсенді қатысып, Алғыс хатпен марапатталды!
Ерназар, сайысқа батыл қатысып, өз біліміңді көрсеткенің үшін және мектеп намысын қорғағаның үшін үлкен рахмет!
Қатысу – жеңістің алғашқы қадамы. Алдағы уақытта біліміңді ұштап, осындай бәсекелерде жеңіс тұғырынан көрінуіңе тілектеспіз!
Жетекшісі:
Оқушыны дайындаған ұстазы Жармағанбетова Ақмарал Сағынаевна.