Қатысу – Үлкен Жетістіктің Бастауы!
"Алтын Сақа" математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі аяқталды.
Біздің 4-сынып оқушысы Дастанқызы Мансура олимпиадаға қатысып, қиын есептермен күресуде өзінің білімі мен табандылығын көрсетті.
Осы ауқымды білім бәсекесіне белсене қатысқаны үшін Арнайы Сертификатқа ие болды! ????
Олимпиадаға қатысу – бұл үлкен тәжірибе, келесідегі жеңістерге жол ашатын құнды сабақ. Бастысы – осы жолда тоқтамау, ізденіс пен еңбекті одан әрі жалғастыру.
Дастанқызы Мансура дайындаған ұстазы Туйтебекова Гульзипа Жаксылыковнаға алғыс білдіреміз! Алдағы уақытта олимпиада шыңдарын бағындыруына тілектеспіз!