back-image
"Қарой жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Қарой жалпы білім беретін мектебі" КММ
Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман
02-12-2025 11:43
Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде “Қазір – білім мен ғылымның заманы. Жаһандану дәуірінде озық білімді игерген, жаңа технологияны меңгерген елдің ұпайы түгел болады. Бүгін саналы ұрпақ тәрбиелей алсақ, ертең заман көшінің басында жүреміз.” - дегендей, білім – ақыл мен парасаттың белгісі болған асыл қазына.  Білімді болу алдымызда тұрған үлкен белестеріміз бен мақсаттарымыздың биік шыңы болып саналады. Білім нәрімен сусындаған адамзат рухани тұрғыда көптеген жетістіктерге қол жеткізеді әрі өзіңе жаңашылдық ашуға қабілетті болады.
Ағымдағы жылдың қараша айының 21 жұлдызында "Білім шыңы " атты 2025-2026 оқу жылының I тоқсан қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өткізілді. 
????Бірінші бөлімде , облыстық  байқауларда жүлделі орындарға ие болған ұстаздар мен оқушылар марпатталса, екінші бөлімінде Нұра ауданының спорт саласында жоғары деңгейде үлестерін қосқан оқушылар мен ұстаздар марапатталды.
????Ұстаздар мен оқушылар дипломдар, мадақтамалар , алғыс хаттар мен сертификаттарға ие болды! 
????Нұра ауданының дарынды оқушылары, олимпиада жеңімпаздары марапатталды.Қарой ЖББМ 9-сынып оқушысы Шуленбаев  Бекарыс,11-сынып оқушылары Боранкулова Жанар мен Серік Асылан облыстық деңгейде нәтиже көрсеткені үшін дипломмен және ақшалай сертификатпен марапатталды, жетекшісі педагог-ұйымдастырушы Жармағанбетова Акмарал Сагынаевна алғыс хатпен марапатталды.
Новости