Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде “Қазір – білім мен ғылымның заманы. Жаһандану дәуірінде озық білімді игерген, жаңа технологияны меңгерген елдің ұпайы түгел болады. Бүгін саналы ұрпақ тәрбиелей алсақ, ертең заман көшінің басында жүреміз.” - дегендей, білім – ақыл мен парасаттың белгісі болған асыл қазына. Білімді болу алдымызда тұрған үлкен белестеріміз бен мақсаттарымыздың биік шыңы болып саналады. Білім нәрімен сусындаған адамзат рухани тұрғыда көптеген жетістіктерге қол жеткізеді әрі өзіңе жаңашылдық ашуға қабілетті болады.
Ағымдағы жылдың қараша айының 21 жұлдызында "Білім шыңы " атты 2025-2026 оқу жылының I тоқсан қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өткізілді.
????Бірінші бөлімде , облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болған ұстаздар мен оқушылар марпатталса, екінші бөлімінде Нұра ауданының спорт саласында жоғары деңгейде үлестерін қосқан оқушылар мен ұстаздар марапатталды.
????Ұстаздар мен оқушылар дипломдар, мадақтамалар , алғыс хаттар мен сертификаттарға ие болды!
????Нұра ауданының дарынды оқушылары, олимпиада жеңімпаздары марапатталды.Қарой ЖББМ 9-сынып оқушысы Шуленбаев Бекарыс,11-сынып оқушылары Боранкулова Жанар мен Серік Асылан облыстық деңгейде нәтиже көрсеткені үшін дипломмен және ақшалай сертификатпен марапатталды, жетекшісі педагог-ұйымдастырушы Жармағанбетова Акмарал Сагынаевна алғыс хатпен марапатталды.