Тамақтану сапасына мониторинг
Қарой ЖББ мектебінде 22 қаңтар күні “Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы” мектеп асханасының жұмысын тексерді. Комиссия мүшелері мектепке жеткізілген өнімдердің жарамдылық мерзімін, азық-түліктің сапасын тексеріп, қолданысқа беріп отырады. Асхананың тазалығы нормаларға сай. Балаларға тағам дәмді әрі ыстық күйінде беріледі. Күнделікті ас мәзірі бекітіліп, асханадағы тазалық қадағаланып отырады.