жиналыс
23 қаңтар күні Қарой ЖББ мектебінде “Шашты жайып жүруге болама?” тақырыбында “Қыздар-ай”клубының кезекті жиналысы өткізілді. Клубтың мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойларына сіңіру. «Бұрымды қыз» деген сөзге лайықты қыз баланы анықтап, марапаттау.
«Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» деген секілді қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаш туралы мәліметтер бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есмаганбетова С.Ж. түсіндірді.
«Шаш өру - қазақ қызына тән әдептілік» демекші, көркем еңбек пәні мұғалімі Мукажанова О. К. мен биология пәнінің мұғалімі Байгарай А. қыз балаларға әр түрлі үлгідегі шаш өрімдерін жасады.