back-image
"Қарой жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Қарой жалпы білім беретін мектебі" КММ
жиналыс
26-01-2026 08:24
жиналыс
23 қаңтар күні Қарой ЖББ мектебінде “Шашты жайып жүруге болама?” тақырыбында “Қыздар-ай”клубының кезекті жиналысы өткізілді. Клубтың мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойларына сіңіру. «Бұрымды қыз» деген сөзге лайықты қыз баланы анықтап, марапаттау.
«Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» деген секілді қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаш туралы мәліметтер бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Есмаганбетова С.Ж. түсіндірді.
«Шаш өру - қазақ қызына тән әдептілік» демекші, көркем еңбек пәні мұғалімі Мукажанова О. К. мен биология пәнінің мұғалімі Байгарай А. қыз балаларға әр түрлі үлгідегі шаш өрімдерін жасады.
Новости