12.02.2026 ж. «Цифрлық әлем» ақпараттық және компьютерлік сауаттылықты дамыту апталығы аясында «Жасанды интеллект – болашақтың мүмкіндігі ме, әлде тәуекелі ме?» тақырыбында дебат ұйымдастырылып, өткізілді.
Дебат барысында оқушылар жасанды интеллекттің қоғамға тигізетін оң және теріс әсерлерін талқылап, өз көзқарастарын дәлелдер арқылы қорғады. Қатысушылар сыни ойлау, талдау және аргумент келтіру дағдыларын көрсетті.
Дебат нәтижесінде оқушылар технологияның мүмкіндіктері мен ықтимал тәуекелдерін саралап, саналы қорытынды жасауға мүмкіндік алды.
