back-image
"Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Lesson Study" - сабақты зерттеу әдісі
07-01-2024 21:00
Ағымдағы жылдың 15-желтоқсанында, жетекші мектеп жұмысының бекітілген жоспарына сәйкес және сабақты зерттеу бағытында серіктес мектептермен ынтымақтастықты дамыту мақсатында мектебімізде серіктес Қарой ЖББМ, Кұланөтпес ЖОББМ ұстаздарымен бірлесе отырып, "Lesson Study" - сабақты зерттеу әдісі негізінде 4-8 сынып мұғалімдеріне арналған кезекті екінші практикалық семинар ұйымдастырылды. 
   Зерттеу тақырыптарына байланысты ұстаздар   5 шығармашылық топтарда бірігіп, жұмыстарын жалғастырды.
  Мұғалімдер аудиториясы үшін  зерттеу тақырыптары бойынша  секциялық жұмыстарында    бірлесіп жоспарланған екіншісі зерттеу сабақтары өткізілді. Шығармашылық топ ұстаздарымен зерттеу сабақтарына талдау жүргізілді, бақылаудағы оқушылардың іс-әрекеті талданып,  бақылаушы  ұстаздардан  ұсыныстар  берілді және 3- зерттеу сабағының жоспары бірлесе талқыланды. 
Семинардың қорытынды бөлімінде мектеп психологы бірлескен іс-әрекетті және оның нәтижелерін талдау ретінде рефлексия ұйымдастырды.
  Бірлескен сабақты зерттеу үдерісін жүзеге асыру – әр оқушының жеке басына назар аудара отырып, оқу процесін жақсартуға мүмкіндік беретін оқыту тәжірибесін жетілдірудің ең жақсы тәсілі екенін атап өту керек. 
Новости