"Lesson Study" - сабақты зерттеу әдісі
Ағымдағы жылдың 15-желтоқсанында, жетекші мектеп жұмысының бекітілген жоспарына сәйкес және сабақты зерттеу бағытында серіктес мектептермен ынтымақтастықты дамыту мақсатында мектебімізде серіктес Қарой ЖББМ, Кұланөтпес ЖОББМ ұстаздарымен бірлесе отырып, "Lesson Study" - сабақты зерттеу әдісі негізінде 4-8 сынып мұғалімдеріне арналған кезекті екінші практикалық семинар ұйымдастырылды.
Зерттеу тақырыптарына байланысты ұстаздар 5 шығармашылық топтарда бірігіп, жұмыстарын жалғастырды.
Мұғалімдер аудиториясы үшін зерттеу тақырыптары бойынша секциялық жұмыстарында бірлесіп жоспарланған екіншісі зерттеу сабақтары өткізілді. Шығармашылық топ ұстаздарымен зерттеу сабақтарына талдау жүргізілді, бақылаудағы оқушылардың іс-әрекеті талданып, бақылаушы ұстаздардан ұсыныстар берілді және 3- зерттеу сабағының жоспары бірлесе талқыланды.
Семинардың қорытынды бөлімінде мектеп психологы бірлескен іс-әрекетті және оның нәтижелерін талдау ретінде рефлексия ұйымдастырды.
Бірлескен сабақты зерттеу үдерісін жүзеге асыру – әр оқушының жеке басына назар аудара отырып, оқу процесін жақсартуға мүмкіндік беретін оқыту тәжірибесін жетілдірудің ең жақсы тәсілі екенін атап өту керек.