жеңгелер мектебі
Бүгін, мектебімізде жеңгелер мектебінің бірінші кездесуі өтті.
Мақсаты: жаһандану жағдайында қазақтың дәстүрлі отбасындағы қыз балаға тәрбие берудегі жеңгенің рөлін ұғынып, ұлттық және заманауи мүмкіндіктерімізді пайдалану арқылы, қыздар мен жеңгелердің жақындығын нығайту.
Бірінші кездесуіміз болғандықтан, мақсатымызды айқындап алып, жеңгелеріміздің ойларын білгіміз келді.
Бірнеше сұрақтарға жауап беріліп, жеңгелеріміз ойларын ортаға салды...
Әр мемлекеттің өз заңы мен дәстүрі болады. Әр ұлттың өз тарихынан жеткен мәдениеті, тағылымдық өнегесі бар. Біз қазақ халқы ұлттық тәрбиемізді жас ұрпаққа мұра ретінде қалдырып, ұрпақтар сабақтастығын сақтау үшін қыздарымызға дұрыс бағыт беруіміздің қажеттілігін ескере отырып,арықарай жүргізілетін жұмыс жоспарын құрдық.