back-image
"Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Lesson Study" - сабақты зерттеу әдісі
12-02-2024 00:41
2024 жылдың  6- ақпанында, мектепішілік  бақылау жұмысының бекітілген жоспарына сәйкес  және жетекші мектеп жұмысының жоспары шеңберіңде,  сабақты бірлесіп зерттеу бағытында серіктес мектептермен ынтымақтастықты дамыту мақсатында  мектебімізде "Lesson Study" - сабақты зерттеу әдісі негізінде 4-8 сынып мұғалімдеріне арналған кезекті  үшінші практикалық семинар ұйымдастырылды.  Семинар  барысында    ұстаздар секциялық  жұмыстарында зерттеу тақырыптары бойынша бірлесіп жоспарланған үшінші зерттеу сабақтарын өткізді,оқушыларға бақылау жүргізілді.  Зерттеу сабағының  оқушыларға әсерін білу үшін, бақылаудағы оқушылардан сұхбат алынды. Шығармашылық топ ұстаздарымен зерттеу сабақтарына талдау жүргізілді, бақылаудағы оқушылардың іс-әрекеті талданып,  бақылаушы  ұстаздардан  ұсыныстар  беріліп, жалпы зерттеу тақырыптары  бойынша SWOT  талдау жасалды. 
  Семинар барысында информатика пәнінің мұғалімі А.В. Колтунова  «Повышение мотивациии учащихся  через использование на уроках ЦОР и игровых дидактических материалов»  тақырыбында шеберлік-сынып өткізіп, ұстаздарға  wordwall, quisis, canva, pleekts оқу платформалары арқылы сабақ ұйымдастыру жайлы мәлімет берді  және   дидактикалық көрнекіліктерге  демонстрация  жасады. Ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша мектеп директорының орынбасыры Ж.М. Фаррахова «Сабақты бірлесіп  зерттеу-оқушыларды іс-әрекеттегі  зерттеуінің  ең тиімді  тәсілі» тақырыбында мұғалімдер аудиториясына  тренинг ұйымдастырып,   зерттеу циклы  аякталғаннан кейін сабақты зерттеу тобының рефлексиялық есеп  жазу, зерттеу нəтижелерін құжаттау  және қорытынды мониторинг жүргізу жайлы ақпарат берді. Семинардың қорытынды бөлімінде мектеп психологы Л.А. Ишанкулова    рефлексия ұйымдастырды. 
  Сабақты бірлесіп зерттеу-мұғалімдер тәжірибесі саласындағы  білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл.
Новости