«Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы»
С.Сейфуллин атындағы ЖББМ 19 ақпан күні мектеп ұжымы мен мектеп қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығына сәйкес «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы аясында педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына сәйкес, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс тәртібін зерделеу бойынша қорытындылар баяндалды.
Талдау қорытындысы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұйрақ пен жыл бойы атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырылды. Мектеп басшысымен педагогикалық әдеп кеңестерінің жұмыстарын жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.