back-image
"Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығының» жоспары бойынша "Сүйіспеншілік -сыйластық кілті"
02-04-2024 23:41
 «Ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығының» жоспары бойынша
Наурыздың 28-і күні «Ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығының» жоспары бойынша "Сүйіспеншілік -сыйластық кілті" тақырыбында 9- сынып ата-аналарымен жиналысы өткізілді.
Мақсаты: Отбасында
эмоционалдық тепе-теңдік пен өзара түсіністік орнату үшін балаға сүйіспеншілік таныту қабілетін дамыту.
Міндеттері:ата-аналардың балаға жан-жақты қолдау көрсетуге,қарым-қатынаста шынайылық танытуға деген ұмтылысын дамыту;"Айналайын","Махаббат тілі", Эмоционалдық манипуляциялар" және т.б ұғымдардың мағынасын түсінуге ықпал ету;қарым-қатынаста сезімдерді білдіру дағдыларын, жоғары сынып оқушысымын шетін тақырыптарға сөйлесе білуді қалыптастыру.
Жиналыс ата-аналарға ахуал қалыптастырумен басталып,"Додекаэдр"әдісі  арқылы тақырып төңірегінде өзара сұрақтар талқыланып,ата-аналар бір-бірімен пікір алмасты."Сөз күші"(Сила слова) ата-бабаларымыз балаға қалай бата беріп,қалай ұрысқан" "Абай" телеарнасындағы Зира Наурызбаеваның бейнебаяны ұсынылды.Жиналыс соңында ата-аналар алған әсерлерімен бөлісіп,алдағы уақытқа жоспарлауға ұсыныстарын айтты.
Новости