1- сыныпқа қабылдау
1- сыныпқа қабылдау
Баланы бірінші сыныпқа тіркеу үшін ата-ана онлайн түрде электронды үкімет" порталы арқылы, e.bilimal.kz ақпараттық жүйесі арқылы немесе білім беру ұйымдарының кеңсесі арқылы қағаз жүзінде өтініш бере алады.
1- сыныпқа қабылдау мерзімі ҚР Білім және ғылым министірлігінің «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 30 қаңтардағы № 16 бұйрығына сәйкес 1 сәуірден бастап 31 тамызға дейін кабылданады.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
1) ата-анасының бірінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
3) "Профилактикалық екпелер картасы" № 065/у нысанды және "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;
4) 3х4 көлеміндегі цифрлық 2 фотосурет;
5) психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия қорытындысының электрондық көшірмесі (қажет болған жағдайда).
Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз ете