Сәкен Сейфуллинге 130 жыл
Сәкен Сейфуллиннің туған күніне орай, мектебімізде «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» аясында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу мақсатында «Өнегелі өмір» жобасы аясында кездесу кеші өтті. Кездесуге Астана қаласынан Сәкентанушы Оспан Сүлейменұлы, Шымкент қаласынан «Ғажайып Қазақстан 2050» журналының президенті Әбен Хамитұлы Мүталиев, Астана қаласынан ақын, журналдың редакторы Тынысбеков Сайлау Қуанышұлы, Сәкен Сейфуллиннің аталас туысы Шампетов Бахыт Жөкебайұлы, осы мектептің түлегі күйші Берік Қошанбайұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Ахметова Гүлзана Сейсеновна, Ахмет ауылының әкімі Темиров Дәулет Мерекеевич қадірлі қонағы ретінде шақырылды.
Кездесуге келген қонақтар ең алдымен Сәкен ашқан мектептің орнындағы ескерткіш тақтаны көруден бастады. Ақын рухына тағзым етіп, құран бағыштады. Мектепке келген соң, мектеп мұражайына саяхат жасады. Мәжіліс залында оқушылар мен ұстаздар қауымы құрметпен қарсы алды. Келген қонақтар кезекпен сөз алып өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Мектептің музыка пәні мұғалімі Кугабаева Аида Бекежановна мен Балаларға арналаған өнер мектебінің мұғалімі Тулеубаева Джамиля Жаркеновна домбыра мен флейтада Сәкеннің «Тау ішінде» әнін орындады. 5-сынып оқушысы Серікбай Айсұлтан Сәкеннің 1916 жылы осы ауылда жазылған «Наурыз» өлеңін оқыды.
Аңыз адам, ҚР Мәдениет қайраткері , «Құрмет белгісі» ордені, Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгісінің, А.Байтұрсынов атындағы медалінің иегері, ұлағатты ұстаз, Білім беру ісінің үздігі, ҚР құрметті қызметкері, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, ақын, сазгер, күйші, дирижер, әлемнің 50-ден астам мемлекетінде өнер көрсеткен, 400-ге тарта мақала мен бірнеше кітап авторы, журналист.»Елорда Билер Кеңесі» қоғамының мүшесі Есіл ауданының аға биі, Сәкентанушы Оспан Сүлейменұлының өнегелі өмірі таныстырылды.
Оспан Сүлейменұлы журналдың кезекті нөмері Сәкен Сейфуллиннің аталас туысы Шампетов Бахыт Жөкебайұлына арналғанын айтып, журналдың тұсаукесер рәсімін жасауды А.Е.Балабиев, Б.Н.Тукешова, Г.С.Ахметова, Д. М. Темировке тапсырды. Кездесуімізді ескерткіш суретке түсумен аяқтадық.