Қауіпсіз демалыс – жарқын болашақ кепілі!

Бүгін мектеп директоры оқушылармен су тасқыны және жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.
Мақсаты: балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуге дайындау.
Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
Су тасқыны туралы ескерту алған жағдайда, сабыр сақтап, қауіпті аймақтан қауіпсіз жерге көшу;
Электр құралдарын сөндіріп, маңызды құжаттар мен бағалы заттарды жоғары, қауіпсіз орынға қою;
Су басқан аймақтарға бармау, ересектердің немесе құтқарушылардың рұқсатынсыз әрекет етпеу;
Құтқару қызметінің нұсқауларын бұлжытпай орындау.
Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
Су қоймаларында тек арнайы белгіленген жерлерде және ересектердің бақылауымен шомылу;
Күн сәулесінің тікелей әсерінен сақтанып, бас киім кию;
Жолда жүру ережелерін сақтау;
Орманда және табиғат аясында от жағудан сақ болу, өрт қауіпсіздігін сақтау;
Бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, белгісіз жерлерге бармау.
Мектеп әкімшілігі барлық ата-аналар мен оқушылардан осы ережелерді есте сақтап, қатаң ұстануды сұрайды.
Жазғы демалыс – демалыс уақыты ғана емес, сондай-ақ қауіпсіздікке деген жауапкершілікті арттыратын кезең.
Қауіпсіз демалыс – жарқын болашақ кепілі!