???? БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА❗️ ✅ АТА - АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

???? БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА❗️
✅ АТА - АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
???? Сәкен Сейфуллин атындағы ЖББ мектебінде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
????Күн тәртібіндегі төмендегі мәселелер бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.К.Серикова баяндама жасады.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (өрт, су қауіпсіздігі, құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, нашақорлық) алдын алу жұмыстары;
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз беймізгіл жүруіне және көлік құралдарын басқаруға жол бермеу;
Буллинг, кибербуллинг, лудомания, электронды темекінің (вейп) зияны туралы ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды.
Жиналыс соңында мектеп әкімшілігі білім алушылардың қауіпсіздігін басты назарда ұстай отырып, баланың бағыт-бағдар алатын шамшырағы саналатын ата-аналарды бала тәрбиесімен бірлесе айналысуға шақырды.
Бәсекеге қабілетті саналы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында мектеп пен ата-ана үнемі бірлікте болып, алдағы уақытта жүйелі жұмыстар жүргізілетіні айтыла келе, жиын күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ата-аналардың пікірімен қорытындыланды.