back-image
"Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Математикалық сауаттылық практикумы»
28-05-2025 05:39
 «Математикалық сауаттылық практикумы»
2025 жылдың 13 мамырында мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Фаррахова Жумагуль Мукановна Теміртау қаласының ұстаздарына арналған «Математикалық сауаттылық практикумы» авторлық бағдарламасы аясында шеберлік сынып өткізді. Іс-шараның мақсаты – педагогтарды инновациялық тәсілдерді оқыту үдерісіне енгізуге шабыттандыру, табысты тәжірибелер мен тиімді әдістемелерді таныстырып, талқылау арқылы тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру. Шеберлік сынып барысында қатысушылар авторлық әдістемемен жан-жақты танысып, практикалық тапсырмаларды орындады.  Іс-шараның практикалық бөлімінде мұғалім математикалық сауаттылыққа арналған есептерді тиімді шешу жолдарын, цифрлық ресурстарды қолдану тәсілдерін, сондай-ақ нәтижелерді тексеру әдістерін ұсынды. Іс-шара ZOOM платформасы арқылы   өтті.  Бұл шеберлік сынып педагогтердің кәсіби даму деңгейін арттыруға бағытталған нәтижелі тәжірибе алаңы болды.
Новости