Құттықтаймыз!!!!!

2025 жылғы 21 тамызда Қарағанды қаласында, Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық қазақ академиялық драма театрында білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі облыстық тамыз кеңесі жоғары деңгейде өтті. Кеңестің биылғы тақырыбы – «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман».
Ауқымды жиынға облыс әкімі Е.Қ. Бөлекпаев, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, педагогтар мен білім саласының ардагерлері қатысты.Жиын барысында өткен оқу жылының қорытындылары жасалып, жаңа 2025-2026 оқу жылына арналған негізгі міндеттер мен басым бағыттар белгіленді. Пленарлық отырыста қатысушылар білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылап, педагогтердің кәсіби дамуы мен оқушылардың сапалы білім алуы үшін ұсыныстар білдірді.
Кеңестің қорытындысында облыс әкімі Е.Қ. Бөлекпаев сөз сөйлеп, педагогтарды жаңа оқу жылындағы жемісті еңбектерге шақырды. Ол білім саласының дамуында ұстаздардың рөлі айрықша екенін атап өтіп, үздік педагогтар мен ұйымдарды марапаттады.
Сонымен қатар мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Омарова Боттагоз Рахимовна Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталды.
Құттықтаймыз!