Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы Жолдауында цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту мәселелеріне баса назар аударылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы Жолдауында цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту мәселелеріне баса назар аударылды. Бұл бағыттар елдің экономикалық өсімін жеделдетіп қана қоймай, мемлекеттік басқару сапасын арттыруға, әлеуметтік салалардың тиімділігін күшейтуге және жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жолдауда атап өтілгендей, цифрландыру тек технологиялық жаңғыруды ғана емес, сонымен қатар жаңа басқару мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Осы тұрғыда:
ұлттық цифрлық инфрақұрылымды нығайту, жасанды интеллектті түрлі салаларға енгізу, білікті IT-кадрларды даярлау, инновациялық экожүйені қолдау,
деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету
сияқты міндеттердің айқындалуы еліміздің стратегиялық дамуы үшін маңызды қадам болып табылады.
Жасанды интеллект шешімдерін білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және мемлекеттік қызмет көрсету салаларында кеңінен қолдану Қазақстанның экономикалық тиімділігін арттырумен қатар, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Президент бастамаларының уақтылы әрі нәтижелі іске асырылуы Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші цифрлық орталықтардың біріне айналдыруға және ұлттық инновациялық әлеуетті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді деп есептеймін.
Сәкен Сейфуллин атындағы ЖББ мектебінің тәлімгері: Калкенова Г.К.
#адал_азамат
#біртұтас_тәрбие
#нұра_ауданы
@oqu_agartu_ministrligi
@_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg