Aта-аналар жиналысы өткізілді
Мектебімізде 1-тоқсанның оқу жетістіктері мен тәрбие бағытындағы жұмыстарды қорытындылау мақсатында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында сынып жетекшілер тоқсандық оқу нәтижелерімен, оқушылардың сабаққа қатысуы мен тәртібі туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында атқарылған іс-шаралар мен алдағы жоспарлар таныстырылды.
Ата-аналар өз ұсыныстарын білдіріп, мектеп пен отбасының тығыз байланысының бала тәрбиесіндегі маңызы ерекше атап өтілді.