«Қамқор» жобасы жүзеге асырылуда.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде табиғатты қорғау және қамқорлыққа баулу мақсатында «Қамқор» жобасы жүзеге асырылуда.
Осы жоба аясында оқушылар құстарға арналған қоректергіштер мен құс үйлерін өз қолдарымен дайындап, мектеп ауласындағы ағаштарға орналастырды.
Бұл іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру, мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін арттыру.