Мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын-жазушы Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны мен шығармашылығын насихаттау мақсатында және «Адал азамат» біртұтас тәрбие жоспарына сәйкес аталған байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Байқау барысында оқушылар Сәкен Сейфуллиннің өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын шығармашылығына деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың әдебиетке, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттерге баулу, сондай-ақ ұлт руханиятының көрнекті өкілінің мұрасын ұлықтау болды.
Әдебиет пен өнерге құштар жас буынға шығармашылық табыс тілейміз!