«Даналық мектебі» клубының «Аталар мектебі» бағыты аясында алғашқы отырысы өтті.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспары бойынша
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жанындағы «Даналық мектебі» клубының «Аталар мектебі» бағыты аясында алғашқы отырысы өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға туыстық қарым-қатынастың маңызын ұғындыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу болды.
Шара барысында оқушылар ұлттық дәстүрлер туралы мағыналы ойлар айтып, ата-баба өсиетін ұлықтаудың жарқын үлгісін көрсетті.