back-image
КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"
Код сағаты-2023
11-12-2023 16:00
Код сағаты-2023

«Компьютерлік ғылымдар апталығы» аясында «Қазақстандағы код сағаты»  04.12.-08.12. 2023 жылы  5-11 қазақ және орыс сыныптарында Р.Асубаев атындағы ЖББ мектебінде өткізілді. "Код сағаты" - оқушыларға бағдарламалауды үйретіп қана қоймай, сонымен қатар, өзініӊ сыни тұрғыда ойлау дағдыларын дамытып, ақпараттық технологиялар саласында негізгі білімдерді алуға мүмкіндік беретін кеңдік. Қатысушыларды қарапайым және қызықты түрде бағдарламалаумен таныстырып және олардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын оятты.  Әр сыныпта жеке кодтау сағаты өткізілді. Оқушылар кодтау сағатына аса қызығушылықпен белсенді қатысты. Оқушылар басқа нейрожелімен жұмыс жасап, жасанды интеллекттің көмегімен тағы қандай міндеттерді шешуге болатынын  топпен талқылады. Сode.org платформасында міндеттерді шешіп, үйренді. Оқушылар мотивациялық роликтерін  қарап, "Код сағаты" ресми сайтында бағдарламалау бойынша тренажёрмен практикалық жұмысты көріп, тапсырмаларын орындап, сертификаттарына ие болды. Мектебімізден жетпіс үш оқушы қатысып, қырық екісі сертификат алды. Бүкіләлемдік «Код сағаты» акциясы елімізде 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бұл шара еліміздің барлық мектептерінде информатика сабақтары аясында өтеді. Оқушылардың ақпаратгық технологияларға, соның ішінде қолданбалы бағдарламалауға қызығушылыгын арттыруға мүмкіндік берді.

Новости