24.01.2024 күні "Досболlike" акциясына сәйкес "Дос болайық бәріміз" тақырыбында 7-сынып оқушыларымен тренинг өткізілді. Мақсаты: Адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу. Достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу. Оқушылармен "Менің көңіл - күйім", ынтымақтастыққа, бірлікке арналған ойындар, "Біздің сынып" атты ойындар өткізілді. Оқушылар достарының жақсы қасиеттерін айтып, тілектерін білдірді, достық ережесін жасады. Өткізген педагог-психолог: А.Б.Шаймерденова
"Досболlike" акциясы