«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн»
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясының соңғы күні аясында мектепте қорытынды іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың зорлық-зомбылық түрлері туралы түсінігін кеңейту, өз құқықтарын білуге және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау.
Шара барысында оқушыларға ақпараттық түсіндірме жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ, «Қолдауға құқылымын» атты символикалық акцияда оқушылар зорлыққа қарсы қолтаңба қалдыру арқылы өз ұстанымдарын білдірді.
Іс-шара оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және бір-біріне қолдау көрсетуге ынталандырды.