«Эко әлем»
Р. Асубаев ЖББМ-де жоспар бойынша 6-сынып оқушыларымен «Эко әлем» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Шара барысында балаларға экология және табиғат тақырыптарында түрлі сұрақтар қойылып, танымдық ойындар ұйымдастырылды. Оқушылар топтық жұмыс арқылы өз ойларын ортаға салып, бір-бірімен пікір алмасып, белсенді қатысып отырды.Сонымен қатар табиғатқа байланысты ситуациялық тапсырмалар беріліп, оқушылар «Өз ауылың/қалаңдағы 5 экологиялық мәселені жаз» деген сұраққа жауап дайындап, өз өңірінің мәселелерін талқылады.Іс-шара оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттырып, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастыруға үлкен үлес қосты.