«Татулық тұтқасы – бірліктің бесігі»
Ұжымдағы өзара қарым-қатынасты нығайту, бірлік пен татулықты арттыру мақсатында мектебіміздің психологы Кратович Е.М қатысуымен «Татулық тұтқасы – бірліктің бесігі» тақырыбында тимбилдинг ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушыларға бір-бірін түсіну, сенім қалыптастыру және командалық жұмысты дамытуға бағытталған тренингтер мен сергіту жаттығулары өткізілді.
Тимбилдинг ұжым мүшелерінің ынтымақтастығын арттырып, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етті.
#біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg