бас шыршаның салтанатты ашылу рәсімі
Бүгін Р. Асубаев ЖББ мектебінің алдында бас шыршаның салтанатты ашылу рәсімі өтті.Мерекелік шараға мектеп оқушылары мен ұстаздары белсене қатысты. Оқушылар әсем билерін билеп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шараның көркін Аяз ата мен Ақшақардың келуі аша түсті. Балалар шыршаны айнала ән айтып, жаңа жылдық көңілді ойындарға қатысты. Бұл мерекелік кеш оқушыларға шаттық сыйлап, жаңа жылды қуанышпен қарсы алуға ерекше әсер қалдырды. 
