«Көңілді старт»
Бүгін 5–6 сынып оқушылары арасында «Көңілді старт» спорттық жарысы өтті. Жарыс барысында оқушылар бір-бірімен белсенді түрде жарысып, түрлі қызықты әрі қимыл-қозғалысқа толы сайыстарға қатысты. Бұл шара балалардың шапшаңдығын, ептілігін, ұйымшылдығын және командалық рухын арттыруға бағытталды. Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күй мен жағымды эмоцияға бөленді. «Көңілді старт» жарысы оқушылардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттырып, достық пен ынтымақтастықты нығайтты.