Қашықтықтан сабақтар
2026 жылғы 16 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты Р.Асубаев атындағы ЖББМ-де бірінші және екінші ауысымдағы оқушыларының оқу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында жоспарға сәйкес қашықтықтан сабақтар өткізілді. Қашықтықтан сабақтар барысында оқушылар онлайн тапсырмалар орындап, бейнесабақтар, презентациялар және шығармашылық жұмыстар арқылы өз білімдерін толықтырды.Қашықтықтан сабақтар Google Meet, Zoom, WhatsApp, СДОТ білімал платформалары арқылы өткізілді және кері байланыс ұйымдастырылды.
#біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg