«Қараой»
20.01.2026 ж Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» шығарманың негізгі мақсаты –
қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, жерге деген құрметін, ауыл адамдарының еңбегін және табиғатпен етене байланысын көрсетіп түсіндіру. Қараой жері арқылы қазақ даласының кеңдігін, қасиетін бейнелейді. Адам мен жердің ажырамас бірлігін көрсетіп, туған жерді қадірлеуге тәрбиелейді.Ауыл өмірінің шынайы көріністері арқылы еңбекқорлық, төзімділік, қарапайымдылық сияқты адамгершілік қасиеттерді дәріптеп,туған жерге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін оятуды көздейді.Ақынның шығармасын оқи отырып оқушылар берілген үзіндіні мазмұндап терең түсіну мақсатында тапсырмалар орындады.
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg