2025–2026 оқу жылындағы АПҚО жұмыс жоспарына сәйкес балаларға арналған «Ішкі күш» тренинг кездесулерінің екінші сабағын мектебіміздің әлеуметтік педагогы Аргимбаева И.С. өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты – қатысушылардың эмоциялар туралы түсінігін кеңейту, жағымды және жағымсыз эмоцияларды ажырата білуге үйрету, өз сезімдерін қауіпсіз әрі мәдени түрде білдіру дағдыларын қалыптастыру. Қатысушылар эмоциялардың адам өміріндегі рөлі, оларды басқарудың тиімді жолдары, күйзеліс пен ашуды дұрыс жеткізу тәсілдері туралы ақпарат алды. Балаларға өз эмоцияларын сөзбен жеткізуге, түрлі жағдайда көрінетін эмоциялар және сол эмоциялардың басқа адамға әсері туралы жадынама таратылды.