«Бір-бірінің эмоциясын сөзсіз түсіну»
В рамках Часа психолога в ОШ имени Р. Асубаева 28 января 2026 года был проведён психологический тренинг для учащихся двух 4-х классов, а также с участием детей 2 класса (параллельно) на тему
«Понимать без слов эмоции друг друга».
Цель тренинга — развитие у детей умения понимать чувства и эмоции другого человека без слов, формирование навыков управления собственными эмоциями, правильного общения и эмоционального самоконтроля.
В ходе тренинга учащиеся проявили высокую активность, с интересом участвовали в упражнениях и обсуждениях. Особое внимание было уделено творческому заданию: каждый ребёнок нарисовал дерево с корнями и рассказал, как важно ухаживать за природой, ценить и понимать её даже без слов. Дети пришли к выводу, что если дерево беречь и заботиться о нём, оно будет расти крепким и приносить красивые и сладкие плоды. Если же относиться к нему без заботы — дерево станет слабым, некрасивым и не будет плодоносить.
Через данную метафору учащиеся провели параллель с человеком: если понимать его чувства и эмоции, уважать и поддерживать, человек вырастает добрым, отзывчивым и понимающим. В противном случае страдает как сам человек, так и окружающие его люди.
Тренинг способствовал развитию эмоционального интеллекта, эмпатии и навыков позитивного общения у детей.
ОШ имени Р. Асубаева мектебінде 2026 жылғы 28 қаңтарда Психолог сағаты аясында 4-сынып оқушыларымен,«Бір-бірінің эмоциясын сөзсіз түсіну» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Тренингтің мақсаты — балалардың бір-бірінің сезімі мен эмоциясын сөзсіз түсіне білу дағдыларын дамыту, өз эмоцияларын басқаруға үйрету, дұрыс қарым-қатынас жасау және эмоциялық өзін-өзі бақылау қабілеттерін қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, барлық тапсырмаларға қызығушылықпен қатысты. Шығармашылық тапсырма ретінде әр бала тамыры бар ағаштың суретін салып, табиғатты күтіп-баптаудың, бағалаудың және түсінудің маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті. Балалар ағашқа дұрыс күтім жасалса, оның мықты өсіп, әдемі әрі тәтті жеміс беретінін, ал күтім болмаса — әлсіз, қисық және жеміссіз болатынын түсінді.
Осы мысал арқылы оқушылар адамға да дәл осылай қарау қажеттігін ұғынды: егер адамды түсініп, оның сезімі мен эмоциясын құрметтесек, ол мейірімді, түсінігі мол тұлға болып қалыптасады. Ал керісінше жағдайда, адам да, оның айналасындағы адамдар да зардап шегеді.
Тренинг балалардың эмоционалдық интеллектісін, жанашырлық сезімін және жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Тренингті өткізген:
мектеп педагог-психологтары
Шаймерденова Арайлым Баглановна,
Кратович Елена Михайловна.