back-image
"Абай атындағы Шұбаркөл жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абай атындағы Шұбаркөл жалпы білім беретін мектебі" КММ
1 қыркүйек - білім күні.
01-09-2025 10:21
1 қыркүйек - білім күні.
1 қыркүйек - білім күні. Бұл күн әр баланың көкірегіне нұр құйылған, әр ұстаздың жүрегі тебіреніп, көңіл шарықтаған, әр ата - ананың мерейі өсе түскен нағыз қуанышты күн.
Бүгін мектебімізде “Мектебім - мейірім мекені” тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Жиынға Нұра ауданының әкімі Мұқанов Бақытжан Мылтықбайұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Такишев Дархан Жанболатович қатысып, бүлдіршіндерге ақ жол тіледі. Оқушыларымыз шарықтатып ән шырқап, мың бұралып билеп өнерлерін ортаға салды. Мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз алғашқы қоңырау соқты. Салтанатты іс-шараның мақсаты: Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында оқушылар бойында білім алудың басымдығы мен маңыздылығын және оқуға деген жағымды көңіл-күй,оң көзқарас қалыптастыру.
Новости