"Туған өлкеңді сүй, тани біл!"

Абай атындағы Шұбаркөл ЖББ мектебінің мектепалды сыныбында тарихи сауаттылық апталығы бойынша "Туған өлкеңді сүй, тани біл!" атты іс-шара өтті.
Мақсаты: "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектеп жасына дейінгі балалардың туған өлкесінің тарихы, табиғаты, мәдениеті және тұрмысы туралы білімдерін кеңейту.