Әр адамның өмірінде кәсіби қызмет маңызды орын алады. Баланың алғашқы қадамдарынан бастап ата-аналар оның болашағы туралы ойлайды. Баланың өмірлік тәжірибесінің аздығынан мамандықтар туралы түсінігі қалыптаса қоймайды.
Әр адамның өмірінде кәсіби қызмет маңызды орын алады. Баланың алғашқы қадамдарынан бастап ата-аналар оның болашағы туралы ойлайды. Баланың өмірлік тәжірибесінің аздығынан мамандықтар туралы түсінігі қалыптаса қоймайды. Түрлі мамандықтар туралы бағыт-бағдарды бала өз ата-анасының әңгімелерінен, мұғалімдермен әңгімелесуден, сондай-ақ әдебиеттерді оқу арқылы ала бастайды. Егер сіз баланың назарын ертегілер, әңгімелер, өлеңдері бар кітап беттерінде кездесетін кейіпкерлердің мамандықтарына аударсаңыз, онда баланың сол мамандықты таңдауына ықыласы ауады.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханада «Кітап беттеріндегі мамандықтар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмесінің мақсаты: балалардың мамандықтарға деген қызығушылығын дамыту, мамандықтар туралы алғашқы білімді жаңарту, еңбек әлемі туралы ой-өрісті кеңейту, әдеби шығармаларды оқу арқылы еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу.
Кітапханаға саяхат жасауға 4-сынып оқушылары шақырылды. Балалар
«Кітап беттеріндегі мамандықтар» көрмесімен танысты, «Мамандықтар әлемі» викторинасына қатысты, қазіргі заманға қажеті болмай қалған көне мамандықтар туралы атап өтті, болашақ мамандықтар туралы өз ойларымен бөлісті. Әр адам үшін өз мамандығын дұрыс таңдау өте маңызды, кейде балаға қазіргі жаңа мамандықтар қиындық туғызатындай көрінуі мүмкін, сондықтан да біздің міндетіміз – оқушыға алған білімдерін қолдана отырып, дұрыс таңдау жасауға көмектесу.