back-image
"Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Организации> "Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Маусым айының 2-жұлдызында жазғы мектеп жанындағы "Балауса" лагерьі
06-02-2022 10:30

Маусым айының 2-жұлдызында жазғы мектеп жанындағы "Балауса"  лагерьі өз жұмысын бастады. Мақсаты: «Балауса» лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуын мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру. Лагердің ашылу салтанатында Мектеп директоры Мыкышева Гүльбаршын Ермекқызы оқушыларға ізгі тілегін білдірді. Лагерьге 90 оқушы қамтылды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары 12 күн бойы өз уақыттарын тиімді әрі көңілді өткізетін болады.

Оқушылар I және II лектен тұрады. I лекте 45 оқушы. I топ "Айгөлек"  тәрбиешілері: Тілеуғабылов Қ.С., Қулсариева З.А., Сулейменова А.М., Серік Д.Д.II лекте 45 оқушы II топ "Болашақ" тәрбиешілері: Таттыбаева А.Қ., Смагулов А.Ж., Кәріпова Ү.Д., Казжолова А.К.

Лагерь меңгерушісі: Есенова А.А.

Әлеуметтік педагог: Толеукенова Ж.М.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Ахметова Н.Е. , Қатарова Н.Ә.

Мектеп психологы: Айешова А.Р.

Тәрбиешілердің ұйымдастыруымен «Ойлы болсаң, шауып көр», «Қасқағым сәтте» тақырыбында қызықты ойындар және спорттық шаралар өткізіліп, оқушылар белсене қатысты. Балалар мектеп ішіндегі шараларға қатысып қана қоймай,  аптаның әр күнінде жоспарға сәйке мәдениет үйі мен мұражайға, ауылдың тамаша жерлеріне саяхат жасайды.

Новости