back-image
"Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Организации> "Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Мектеп жанындағы "Балауса" лагерінің жабылуы
16-06-2022 11:59

15 маусым күні сағат 9:30 - да оқушылар күнделікті күн тәртібі бойынша мектепке жиналды. Мектеп медбикесі балалардың денсаулығы мен тазалығына тексеру жүргізді. Таңертеңгілік бой жазу жаттығулары орындалады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Дене тәрбиесінің мұғалімі ортаға шығып жаттығудың жасалу жолын көрсетеді. Ол жаттығу аяқталған соң, шеңбер құрып тұрған балалардың бірі ортаға шығып басқа жаттығуларды, саппен тұру, жүру жаттығулары орындалды.

Тәрбиешілер мен оқушыларының ұйымдастыруымен жазғы лагердің жабылу салтанаты өткізілді. Мақсаты:Оқушылардың 12 күн бойы лагерьден алған әсерлерін әңгімелей  білуге, ой-өрісін  кеңейтуге,  бастан  өткен 

қызықтарын айта  білуге  үйрету. Жабылу салтанатында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, вальс билеп ән айтты. Шара соңы, лагердің атқарылған жұмыстарының қортындысы жасалып, жазғы лагерде ұйымдастырылған шаралар мен түрлі эстафеталық ойындарға белсене қатысып, шығармалылық қабілетін көрсеткен оқушылар марапатталды.

Новости