back-image
КГУ "Кызылкойская ОСШ"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Кызылкойская ОСШ"
Адал ұрпақ 2023-2024 оқу жылы
26-09-2025 11:18
Адал ұрпақ 2023-2024 оқу жылы

«Қызылқой негізгі орта мектебі»КММ

«Адал ұрпақ» еріктілер клубының 2023-2024  оқу жылының жылдық  атқарған жұмыстарының есебі

«Адал ұрпақ» еріктілер клубының жылдық жоспары құрылып мақсат міндеттері айқындалды. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының негізгі міндеттері болып  мектеп ортасында  жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, жемқорлыққа төзбеушілікті нығайтуға ынталыларды мадақтау, жемқорлыққа қарсы сипатты шараларға қатысу. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы келесі сипатты секциялардан тұрады: жемқорлыққа қарсы  білімдер; Жемқорлыққа қарсы ақпарат пен шығармашылық; жаппай мәдениеттік шаралар.Жемқорлыққа қарсы білімдер секциясы  лекциялар, «дөңгелек үстелдер және басқа  ағарту шараларын ұйымдастыруға қатысады.Жемқорлыққа қарсы ақпарат пен шығармашылық секциясы үздік бейнеролиқтер,суреттер, шығармалар сайыстары мен шараларды ұйымдастыруға қатысады. Жаппай мәдениеттік шараларсекциясы науқандар, флэш-мобтар, диалогтік алаңдар, қоғамдық, ардагерлер ұйымдары,мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен кездесулер және басқа әлеуметтік-мәнде шаралар  ұйымдастыруға қатысады.

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы туралы  ереже

1. Ерікті «Адал Ұрпақ» мектеп клубының Негізгі мақсаттары мен міндеттері мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, жемқорлыққа төзбеушілікті нығайту бойынша ынталыларды мадақтау,  жемқорлыққа қарсы сипатты  шаралар ұйымдастыруға қатысу болып саналады.

2. Ұжым: 1-11 сынып оқушылары.

3. Құрылымы

         Ерікті «Адал Ұрпақ» мектеп клубы келесі сипатты секциялардан құралған:

-  Жемқорлыққа қарсы білімдер;

-  жемқорлыққа қарсы ақпарат пен шығармашылық;

-  жаппай- мәдени іс шаралар.

3.1 Жемқорлыққа қарсы білімдер секциясы дәрістер, «дөңгелек үстелдер» және басқа да ағартушылық шараларын ұйымдастыруға қатысады.

3.2 Жемқорлыққа қарсы ақпарат пен шығармашылық секциясы үздік бейнероликтер, суреттер, шығармалар шаралары мен сайыстарын ұйымдастыруға қатысады.

3.3 Жаппай - мәдени іс шаралар секциясы науқандар, флэш-мобтар, диалог алаңдарын, қоғамдық, ардагерлер ұйымдарымен,мемлекеттік органдармен кездесулер және де басқа әлеуметтік-мәндішаралар ұйымдастыруға қатысады.

      «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы 3 секцияда жұмыс істейді.

  1. Жемқорлыққа қарсы білім секциясы- дәрістер, дөңгелек үстел және басқада ағарту шараларын ұйымдастыруға қатысады;

  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық секциясы-бейнероликтер мен сурет байқауын өткізуге ұйытқы болады;

  3. Мәдени –көпшілік іс-шаралар секциясы- флешмобтар дайындап қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесулер өткізеді.

  4. қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесулер өткізеді.

2023-2024 оқу жылында мектебімізде «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылды.Клубтың бұйрығы және ережесімен клуб мүшелерімен таныстырылды.Клубтың жылдық жоспары жасылынды.Әр мүшелерге өз міндеттері жүктелді.Жоспар бойынша келісі іс шаралар жүргізілді.Жоспарға сәйкес қыркүйек айында «Адалдық дүкен» жұмысы жүргізілді.

Қазан айында «Менің көзқарасымдағы жемқорлық» оқушылар арасында эссе байқауы өткізілді. Эссе байқауының мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу құндылықтарын насихаттау, сақтау және нығайту, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы тұру мәселесіне жастардың назарын аудару.

Қараша айында “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыра отырып,өз көзқарастарын, дүниетанымдарын кеңейту,өз ойларын ,қабілеттерін еркін білдіріп, жеткізе білу, патриоттық тәрбие қалыптастыру мақсатында  "Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" сурет байқауы  өткізілді.

Желтоқсан айында «Адалдық сағаты» тәрбие сағаттары өткізілді.

Қаңтар айында ата-аналар жиналысын өткізілді. «Құқықтық тәрбиелеуде және құқықбұзушылықтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа, төзбеу мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлі көрсету» (ұсыныс жасау)

Ақпан айында «Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлықтың салдары» дөңгелек үстелі өткізілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сәуір айында «Қоғамдық тәртіп» пікірталас өткізілді. Мақсаты:
Оқушыларға қоғамдық тәртіптің мәні мен маңызын түсіндіру, құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, белсенді ойлау және пікірталас жүргізу дағдыларын дамыту.

Мамыр айында «Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол» әңгімесі тыңдалды. Оқушыларға ұлы Абайдың «ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес асыл қасиет (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) жөнінде кеңінен түсінік бере отырып ойлау қабілеттерін дамыту, адамгершілікке инабаттты болуға, еңбексүйгіштікке баулу арқылы ақыл тәрбие беру.

Новости