back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ
“Тұмар” қыздар ұйымының “Кел, сырласайық!” атты кездесуі
13-11-2025 10:51

20 қазанда ұстаздардың қатысуымен “Тұмар” қыздар ұйымының “Кел, сырласайық!” атты кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты: қыздар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, өмірге деген көзқарастарын кеңейту, өз қадірін түсіне білуге тәрбиелеу. Осындай сырласу сәттерінде бір-біріне жылы сөздерін айтып, өмірлік кеңес алады. Қыз баланың бойындағы ең асыл қасиеттер - инабаттылық, ұяңдық, кішіпейілділік, адамгершілік пен әр-ұят. Сол себепті әрбір ару осы қасиеттерді өмірлік ұстаным етіп, өз абыройын сақтап, әдемілік пен нәзіктіктің нышаны болып қала білуі тиіс. “Кел, сырласайық...” - жай ғана кездесу емес, бұл - өз жүрегіңді тыңдау, өзіңді түсіну, бір-біріне жылы сөз айту арқылы рухани байи түсу мүмкіндігі.

Новости