Негізгі функционалдық міндеттері, еңбек ақысының мөлшері мен шарттары көрсетілген бос лауазымдар атауы:
- қазақ тілінде оқытатын тәрбиеші (бос лауазым)
1) Функционалдық міндеттері:
- Тәрбиеші балаларды олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиелейді және оқытады, білім беру әдістемелеріне, бағдарламалары мен жоспарларына сәйкес дамыту және оқыту сабақтарын өткізеді.
2) біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Педагог біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беру: оқу бағдарламасының мазмұны мен оқыту әдістемесін білуі, жұмыс жоспарын құру, білім беру ұйымы деңгейінде іс-шараларды жоспарлауы және ұйымдастыруы тиіс.
Педагог-модератор «педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беру, тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі; музыкалық сабақтардың әртүрлі түрлерін кеңінен пайдалануы; МДҰ әдістемелік жұмысына қатысуы; педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеуі; ашық сабақтар өткізуі, білім беру ұйымы ішіндегі іс-шараларға қатысуы тиіс;
3) құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі:
Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 2023 ж. 11.01.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 ж. 18.01.
4) қажетті құжаттар тізімі:
1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып-бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын, құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығыменбекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11) кемінде 15 минут жұмыс өтілі жоқ үміткерге арналған бейне презентация, ең аз рұқсаты 720 x 480.
5) құжаттарды тапсыру орны, байланыс телефоны және конкурсты өткізуді ұйымдастыруға жауапты тұлға:
«Айналайын» бөбекжайы» КМҚК Кушоқы кенті Асфальтная көшесі, 13
Тел. 8(72138) 32-820